Лионель Мессидің әкесі қайтыс болды
Мессидің көз жасына себеп болған жағдайдың мән-жайы белгілі болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аргентиналық футболшы Лионель Мессидің әкесі әрі ұзақ жылдар бойы агенті болған Хорхе Месси 68 жасында қайтыс болды. Ол ұзақ уақыт бойы науқастанып, ем қабылдаған.
Хорхе Мессидің нақты қандай аурумен ауырғаны және өлімінің себебі әзірге айтылған жоқ. РБК мәліметінше, ол Аргентинаның Росарио қаласындағы ауруханада көз жұмған.
Хорхе Месси ұлының бүкіл кәсіби футбол мансабында оның агенті болды. Ол Лионель Мессидің мансабындағы маңызды шешімдерге қатысып, футболшының кәсіби жолында ұзақ жылдар бойы бірге жұмыс істеген.
Хорхе Мессидің денсаулығына қатысты алаңдаушылық бұған дейін де айтылған. Мәселен, әлем чемпионатындағы Алжирге қарсы матчтан кейін Лионель Месси көзіне жас алған. Аргентина құрамасы кездесуде 3:0 есебімен жеңіске жетіп, футболшы хет-трик жасаған.
Матчтан кейінгі сұхбатында Месси көз жасына спорттағы жағдай емес, басынан өткерген ауыр күндер себеп болғанын айтқан. Осыдан кейін футболшының әкесінің ауыр науқастанып жүргені туралы ақпарат тараған.
Қазіргі таңда Хорхе Мессидің қазасына қатысты өзге мәліметтер жарияланған жоқ.
Материал авторы