2518

Арман Дүйсеновтің ұлы Абылайдың өліміне қатысты жаңа мәлімет айтылды

Анасының айтуынша, ұлы қарыз ақшасын қайтаруды талап етіп, достарына күн сайын хабарлама жазып отырған.

Арман Дүйсеновтің ұлы Абылайдың өліміне қатысты жаңа мәлімет айтылды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлының өліміне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Марқұмның анасы Айсұлу Айданқызы ұлының қазасына байланысты бірқатар күмәні бар екенін айтты.

Айсұлу Айданқызының сөзінше, сот-медициналық сараптама нәтижесінде Абылайдың өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін емес деген қорытынды жасалған. Алайда бұл мәліметтің нақты сараптамалық құжаты жарияланған жоқ.

Марқұмның анасы сондай-ақ ұлының достары оған қомақты көлемде ақша қарыз болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, осы жағдай да Абылайдың өліміне қатысты сұрақтардың туындауына себеп болып отыр.

Айсұлу Айданқызы ұлының қазасына байланысты барлық мән-жай толық әрі жан-жақты зерттелуін қалайтынын жеткізді.

«Олар ақшамды қайтарыңдар деп күнделікті жаза тұра, тамыздан бастап жазба өшірілген», – деді ол.

Марқұмның анасы ұлының өліміне қатысты күмәні мен басқа да деректерді толық сұхбат барысында айтатыны хабарланды. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор