Қырғыз композиторы Нұрсұлтан Назарбаевтың шыққан тегі туралы тосын мәлімдеме жасады
Бұл құпияны жасырып келдім дейді композитор.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қырғызстандық композитор Құрманғазы Азықбаев Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шыққан тегіне қатысты көпшілікке тосын пікір айтты. Ол Назарбаевтың қырғыз халқымен байланысы бар деген болжамын ортаға салды.
Композитордың айтуынша, Назарбаевтың анасы кезінде Қырғызстанға тұрмысқа шыққан. Кейін оның отбасы Қазақстан аумағына қоныс аударған.
«Нұрсұлтан Назарбаев – қырғыз. Оның шешесі кезінде Қырғызстанға тұрмысқа шыққан. Ол кезде жайлауымыз бір болған. Кейін әке-шешесі қазақ жағына кеткен», – деді Азықбаев.
Ол өз сөзін бұрыннан іште сақтап келгенін айтып, Назарбаевтың домбыра тартатынын да осы болжамына дәлел ретінде келтірді. Сонымен қатар композитор бұрынғы президенттің «Тұмарым» әніне және қырғыздың көне ән-жырларына қызығушылық танытқанын атап өтті.
Азықбаевтың сөзінше, осы жайттардың барлығы Назарбаевтың қырғыз халқымен тарихи немесе мәдени байланысы болуы мүмкін деген ойға жетелейді. Сонымен қатар композитор Германияда жүрген кезінде Ресей президенті Владимир Путинмен байланысы болғанын да мәлімдеген.
Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаевтың шыққан тегіне қатысты Құрманғазы Азықбаевтың айтқандары — оның жеке пікірі.
Материал авторы