870

Атышулы Дариға Бадықова өзін тез байып кетті дегендердің аузын жапты

Қорғансыз күндерім көп болды деп ағынан жарылды актриса.

Атышулы Дариға Бадықова өзін тез байып кетті дегендердің аузын жапты
instagram.com/dariga_badykova

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса әрі продюсер Дариға Бадықова өзінің табысы мен жетістікке жету жолы туралы айтып, сыртынан айтылатын әңгімелерге жауап берді. Ол қазіргі нәтижеге бірден жетпегенін, өнер саласында ондаған жыл еңбек еткенін жеткізді.

Дариға Бадықованың айтуынша, оның жетістігінің артында ұзақ жылдар бойғы еңбек, ұйқысыз түндер мен жауапкершілігі жоғары шешімдер тұр.

«Бадықова тез байып кетті деген сөздерді естіп қаламын. Ешқандай да тез байыған жоқпын. Осы өнерде 28 жыл еңбек еттім. Жасырмаймын, интуициям алыстан сезеді. Қаншама ұйқысыз түндер, қорғансыз күндерім болды. Барлық шешімді өзім шығарып, дұрыс па, бұрыс па деп қорыққан кездерім өтті», – деді актриса.

Өнер иесі өзі үшін адалдық пен маңдай термен келген еңбектің маңызы әрдайым жоғары екенін атап өтті. Оның сөзінше, қазіргі деңгейіне өнердегі табандылығы мен өз мүмкіндігіне сенуінің арқасында жеткен.

«Маған берген бақ-дәулетті мойындағыларың келмей ме? Кеудемде жаным бар екенін, осы өнер арқылы біраз жерге барғанымды туып-өскен елім біледі. Мен біреуге бермесем, алмаймын», – деп түйіндеді Дариға Бадықова.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор