1062

Жетісу облысында полицейдің көзінше әйелді тепкілеп тастаған

Саудагерлер жаппай төбелесіп, бір әйел ауруханаға түсті.

Жетісу облысында полицейдің көзінше әйелді тепкілеп тастаған
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысының Ақсу ауданында саудагерлер арасындағы жанжал төбелеске ұласып, бір әйел ауруханаға түсті. Оқиға кезінде әйелді екінші қатысушының жерге құлаған күйінде бетінен тепкен сәті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жазды.

Әлеуметтік желіде тараған кадрларда әйелдердің жанжалдасып жатқаны көрінеді. Видеода қатысушылардың бірі жерде жатқан әйелге жақындап, оны аяғымен ұрған. Сол сәтте олардың жанында полиция қызметкері болған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жанжал сатушылар арасындағы сатып алушыларға қатысты дау салдарынан туындаған. Бұған бұған дейін саудагерлердің бір бөлігінің арнайы жабдықталған базарға көшірілуі себеп болғаны айтылады.

Зардап шеккен әйел медициналық мекемеге жеткізілді.

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілген.

«Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен жәбірленуші бұған дейін таныс болған», – деп мәлімдеді полиция.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, жанжалдың барлық мән-жайы анықталуда. Қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, түпкілікті процессуалдық шешім тергеу нәтижесіне қарай қабылданады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор