«Золото қыз» деген атпен танылған блогер жындыханаға жіберілді
Балаларының көзінше тікелей эфирде балағат сөздер айтқан әйелге қатысты шешім қабылданды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысының Байзақ ауданында TikTok-та «Алтын қыз» атымен танылған 41 жастағы блогер психикалық денсаулық орталығына жатқызылды. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаменті жазды.
Полицияның мәліметінше, әйел бұған дейін де бірнеше рет тәртіп сақшыларының назарына іліккен. Ол тікелей эфир кезінде балағат сөздер қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Алайда жасалған ескертулер мен профилактикалық әңгімелер нәтиже бермеген. Блогер тікелей эфирлерін бұрынғыдай жалғастырып, кей кездері кәмелетке толмаған балаларына да балағат сөздер айтқан.
Осыдан кейін жағдайға полициядан бөлек, қорғаншылық органдары мен басқа да тиісті қызметтер араласқан.
«Полиция, қорғаншылық органдары және басқа да мүдделі қызметтердің қатысуымен балалардың тұратын және тәрбиеленетін жағдайлары тексерілді. Қазір балалар әкесінің қарауында», – деп хабарлады полиция.
Ал әйелді жедел жәрдем бригадасы қарап шыққан. Кейін ол ем алу үшін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылған.
Полиция оның жағдайына қатысты өзге мәліметтерді жарияламады.
Материал авторы