Шалқарда тойдан кейін 26 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Той қонақтарының арасындағы төбелес адам өлімімен аяқталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысының Шалқар қаласында үйлену тойынан кейін төбелес болып, 26 жастағы жігіт қаза тапты. Бұл туралы «Диапазон» басылымы жазды.
Оқырмандардың мәліметінше, 8 тамызда аудан орталығында үйлену тойы өткен. Мерекелік шара аяқталғаннан кейін қонақтардың арасында төбелес шыққан. Жанжал кезінде 26 жастағы жігіт қаза болған.
Ақтөбе облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Полиция департаменті істің тергелуін басшылықтың ерекше бақылауына алған.
Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу барысында анықталады.
Материал авторы