«Токқа түсіріп, күрекпен ұрды»: Өгей ұлдарын азаптап келген ер адам ұсталды
Ер адам әйелі мен оның балаларын қорлап келген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанның Шу облысына қарасты Тоқмақ қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әйел азаматтық күйеуінің үш жыл бойы өзін және кәмелетке толмаған балаларын ұрып-соғып келгенін айтып, милицияға жүгінген. Бұл туралы қырғызстандық kabarlar.org басылымы жазды.
Жәбірленушінің айтуынша, ер адам отбасы мүшелеріне бірнеше жыл бойы күш көрсетіп келген. Әйел өгей әкенің балаларды да ұрып, оларға электр сымы мен күрек қолданғанын мәлімдеген.
Арыз түскеннен кейін милиция бірден тексеру жұмыстарын бастап, жәбірленушілердің денсаулығына келтірілген зиянды анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындаған.
Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Істің тергелу барысы милиция басшылығының бақылауында.
Материал авторы