Жақында Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе рейстері ұша бастайды

16.05.2023, 14:17
700
Жақында Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе рейстері ұша бастайды smartnews.kz

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстерді ұлғайту аясында Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе қатынасын ашу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қазақстан мен Сингапурдың авиациялық билік органдары бейнебайланыс арқылы келіссөздер жүргізді. Қазақстандық делегацияны азаматтық авиация комитетінің төрағасы Ластаев Талғат, Сингапур делегациясын Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Хан Кок Хуан басқарды.

Келіссөздер барысында қазақстандық тарап тікелей рейстерге қызығушылық білдіріп, Сингапурлық авиакомпанияларға Қазақстандағы «ашық аспан» режимін, оның ішінде ауа бостандығының «бесінші дәрежесі» құқығын пайдалана отырып, пайдалануды ұсынды. Сингапурлық тарап «ашық аспан» режимін құптап, бұл ұсыныс сингапурлық авиакомпаниялармен пысықталатынын хабарлады.

Тараптар 2023 жылғы шілдеде сингапурлық авиакомпаниялар мен Сингапур-Чанги әуежайының қатысуымен өтетін кездесу шеңберінде әуе қатынасын ашу мәселелерін талқылауды жалғастыруға келісті.

Сонымен қатар, Сингапур тарапы Сингапурдың азаматтық авиация академиясында оқудан өту мүмкіндігі туралы айтты.

Қазақстандық тарап «Эйр Астана» әуекомпаниясының елдер арасындағы ұшуларды орындауды бастау жоспарын атап өтті.

«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады