«Qala Qyzmet» елордалықтарға биыл 90 мыңнан астам қызмет көрсетті

16.05.2023, 17:55
1000
«Qala Qyzmet» елордалықтарға биыл 90 мыңнан астам қызмет көрсетті smartnews.kz

Жыл басынан «Qala Qyzmet» арқылы елордада 90 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

Бұл туралы бас шаһардағы коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Астана қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының басшысы Асқар Тақсымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың жарты жылдығында 3 701 қызмет, 2020 жылы – 69 560, 2021 жылы – 148 586, 2022 жылы 170 мыңнан астам қызмет, 2023 жылы 90 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Бүгінде біздің орталық жеке және заңды тұлғаларға түрлі ұйымдар бойынша 146 қызмет ұсынады. Сондай-ақ аудан әкімдіктеріндегі «Qala Qyzmet» фронт-кеңселеріне айына 2000-2500 адам келеді. Портал айына 17 000 - 20 000 адамға қызмет көрсетеді», - деді Асқар Тақсымов.

Биылдан бастап халыққа коммуналдық қызметтер көрсету саласындағы функцияларды оңтайландыру мақсатында «iKOMEK» орталығы мен «Qala Qyzmet» жобасы біріктірілді.

«Qala Qyzmet» - елордалықтардың әкімдікпен және коммуналдық қызметтер саласындағы мекемелермен өзара іс-қимылын үйлестіретін жоба. Ол арқылы тұрғындар уақытылы шығарылмаған қоқыс, су, жылу, электр энергиясы және туындаған өзге де мәселелер бойынша шағым жолдай алады.

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды