Ninety One тобының мүшелері ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ізгі ниет елшілері болды

16.05.2023, 18:28
673
Ninety One тобының мүшелері ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ізгі ниет елшілері болды ЮНИСЕФ

БҰҰ Балалар қоры Ninety One тобының мүшелерін ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ізгі ниет елшілері ретінде тағайындады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ұйымның қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Q-Pop топтағы әншілер Батырхан Мәлік, Азамат Ашмақын, Дулат Мұхаметқалиев, Данияр Кұлымша Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшілері болып тағайындалды. Осылайша, Ninety One мүшелері балалардың құқықтарын қорғау және ілгерілетумен айналысатын әлемдегі басқа танымал адамдардың қатарына қосылды.

«Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшісі болу – біз үшін зор мәртебе. ЮНИСЕФ тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде ауқымды жұмыс атқарып келеді және мұндай жұмысқа қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болғанымызға өте қуаныштымыз. Музыка көпшілікті біріктіреді және біз музыкамыздың көмегімен адамдардың жүрегі мен санасына жетіп, Қазақстандағы балалардың алдында тұрған аса маңызды мәселелердің көтерілуін арттыра аламыз деп үміттенеміз», - деді Ace.

Топ мүшелері жастардың дауысы естілу керек деп санайды және олар оған музыканың арқасында қол жеткізуге тырысады. Әндерімен ел жастарын өзін-өзі дамытуға және әр адамның бойындағы бірегейлікті түсінуге шақырады.

«ЮНИСЕФ-тің бір бөлігі болу – зор жауапкершілік. Біз үмітті ақтап, балалар мен жастардың тыңдалуына және олардың өмірге әсер ететін шешімдерге қатысуына мүмкіндік береміз деп үміттенеміз», - деді ZAQ.

Өткен жылы Ninety One тобы ЮНИСЕФ пен TikTok-тың «Психикалық әл-ауқат бәрінен маңызды» атты бірлескен науқанын қолдаған еді. Осы арқыл 100 мыңнан астам жас психикалық денсаулық туралы маңызды ақпарат алды.

«Өз жанкүйерлеріміздің арқасында біз жасөспірімдер мен жастардың қажеттіліктері мен ұмтылыстарын түсінеміз. Әндеріміздің көмегімен оларды игі істерге шабыттандыруға тырысамыз. Олардың жаңа нәрселерден қорықпағанын және өздеріне сенгенін қалаймыз. Енді біз ЮНИСЕФ-пен күш-жігерімізді біріктіреміз, осылайша әр баланың өз арманын жүзеге асыруына мүмкіндігі болады», - деді Alem.

«Біз буллингтің қандай болатынын білеміз. Сіз туралы қоғамдық пікір тек сіздің сыртқы келбетіңізге байланысты қалыптасады. Буллингті жеңудің қаншалықты қиын екенін де білеміз. Енді біздің ЮНИСЕФ бағдарламаларын қолдауға және балаларға осы қиындықтарды жеңуге көмектесуге мүмкіндігіміз бар», - деді Bala.

Айта кетсек, бүкіл әлемде ЮНИСЕФ-тің 200-ге жуық ізгі ниет елшісі бар. Көрнекті музыкант және композитор Батырхан Шүкенов ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы алғашқы ізгі ниет елшісі болды. Әлемдегі ең үздік он шахматшының бірі Динара Сәдуақасова бес жыл бойы Қазақстандағы ЮНИСЕФ бастамаларын белсенді қолдап келеді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды