670

Шымкентте аттракционның арқаны үзіліп, жасөспірім қыз жарақат алды

Қыздың анасы саябақ әкімшілігі кешірім сұрамағанын айтты.

Шымкентте аттракционның арқаны үзіліп, жасөспірім қыз жарақат алды
Halyqstan

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкенттегі «Жайлаукөл» саябағында аттракцион кезінде жасөспірім қыз жарақат алған. Оқиға 8 тамыз күні кешке болған. Бұл туралы Halyqstan Telegram-арнасы хабарлады.

Жасөспірім қыз джампинг аттракционында секіруге барған. Алайда секіру кезінде аттракционның арқан тростары үзіліп, қыз құлап қалған. Салдарынан оның қолы сынған.

Зардап шеккен қыздың анасы Дина Сатованың айтуынша, отбасы саябаққа балаларымен бірге демалуға барған. Алайда жоспарланған серуеннің соңы ауруханадан бір-ақ шыққан.

«Қызым құлап, қолын сындырып алды. Біз дереу ауруханаға бардық. Сол кезде саябақ әкімшілігі болған жағдайға қызығушылық танытпады, тіпті кешірім де сұрамады», – деді ол.

Оқиға аттракциондардағы қауіпсіздік талаптарының сақталуына қатысты сұрақ туындатып отыр. Алайда берілген ақпаратта саябақ әкімшілігінің оқиғаға қатысты ресми түсініктемесі келтірілмеген.  

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор