159

«935 теңгеден басталады»: Қазақстанда қызметтік иттер сатылады

Шекарада қызмет еткен иттер аукционға шығарылды.

«935 теңгеден басталады»: Қазақстанда қызметтік иттер сатылады
sauda.e-qazyna.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің балансында болған бірнеше қызметтік ит электронды аукцион арқылы сатылымға шығарылды. Сауда 18 тамызда өтеді.

Павлодар облысында Шекара қызметінің қарамағында болған Маттео есімді неміс овчаркасы аукционға қойылған. Оның бастапқы бағасы 935 теңге болып белгіленген. Сауда бағасы төмендетілетін форматта өтеді.

Ал Жамбыл облысының Қордай ауданында бірден алты қызметтік ит сатылымға шығарылған. Олардың қатарында Майк, Майло, Миг, Мэл, Мансур және Маис есімді иттер бар.

Аталған иттердің барлығы – шығыс-еуропалық және неміс овчаркалары. Қазіргі уақытта олар Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің Жамбыл облысындағы департаментінің балансында тұр.

Бұл лоттар бойынша белгіленген баға 11 152 теңгені құрайды.

Осылайша, бұрын шекара қызметінде пайдаланылған иттер енді электронды сауда арқылы жаңа иелеріне берілуі мүмкін. Аукциондағы ең төмен бастапқы баға 935 теңге болып отыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор