Ресей қазақстандық құбырлар арқылы 11 жыл Қытайға мұнай экспорттайды

16.05.2023, 19:57
793
Ресей қазақстандық құбырлар арқылы 11 жыл Қытайға мұнай экспорттайды smartnews.kz

2013 жылы жасалған Қазақстан арқылы Ресей мұнайын Қытайға тасымалдау туралы келісімнің мерзімі 2034 жылға дейін ұзартылады. Тиісті құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Еліміздегі құбырлар арқылы Қытайға Ресей мұнай тасымалдау келісімінің мерзімі ұзартылды

«Қазақстан Ресей тарапының уәкілетті ұйымының жылына 10 млн тонна көлемінде ресейлік мұнайды ұзақ мерзімді тасымалдауы үшін жағдай жасайды. Атап айтқанда, «Туймазы – Омбы – Новосибирск-2» магистральдық мұнай құбыры, Прииртышск (Ресей мен Қазақстан шекарасы) – Атасу (Қазақстан) – Алашаңқай (Қытай Халық Республикасы) тасымалдау бағыты бойынша магистральдық құбырлар жүйесіне қол жеткізу құқығын береді», - делінген құжатта.

Келісім жобасында жазылғандай, Ресей тарапы құбыр арқылы тасымалданған мұнайдың әр тоннасы үшін Қазақстанға 2,1 доллар ақша төлейді.

«Ресей тарапының уәкілетті ұйымына заңды негізде тиесілі жылына 10 млн тонна мөлшеріндегі мұнай тасымалдау құны бір тонна үшін 2,1 АҚШ долларын құрайды және оны Қазақстан тарапының уәкілетті ұйымы төлемге тапсырма берген күні ҚР Ұлттық банкі белгілеген теңгеге шаққандағы АҚШ долларының бағамы негізінде теңгемен төлейді», - деп көрсетілген құжатта.

Көпшілік талқылауға шығарылып отырған келісім 2034 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды