Аюсай шатқалындағы «Мың көз» соқпағына салынған петроглифтер бүлінді

17.05.2023, 09:09
400
Аюсай шатқалындағы «Мың көз» соқпағына салынған петроглифтер бүлінді inform.kz

Аюсай шатқалындағы «Мың көз» соқпағына салынған петроглифтерді вандалдар бүлдіріп кетті. Бұл туралы «Аюсай» визит - орталығының баспасөз қызметі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Біздің Аюсай шатқалындағы «Мың көз» соқпағына белгілі суретші Санжар Жұбанов салған жануарлардың петроглифтері сән беріп тұр. Бұл тас гравюралар соқпақ жолдың бойында орналасқан және онда қар барысы, Тянь-Шань қоңыр аюы, сілеусін және т.б. сирек кездесетін жануарлардың суреттері бар. Қазір олар «Мың көз» соқпағының ғана емес, сонымен бірге біздің орталықтың, бүкіл Аюсай шатқалының құндылығы болып табылады», - делінеді хабарламада.

Өкінішке қарай, жақында «Мың көз» соқпағындағы петроглифтерді вандалдар бүлдіріп кеткен. Осылайша суретшінің бес айға жуық төккен маңдай тері мен күш-жігерін жұмсаған туындылары бір сәтте жойылған.

«Біз Санжар Жұбановпен бүлінген петроглифтерді қалпына келтіру туралы уағдаластық. Сондай-ақ, біз барлық туристер мен шатқалға және Іле-Алатау ұлттық паркіне келушілерді осы жерге құрмет көрсетуге шақырамыз», - деп хабарлады «Аюсай» визит-орталығы желіде.

Сондай-ақ визит-орталықтың баспасөз қызметі азаматтарды вандализм іс-әрекеттеріне куә болған жағдайда, қажетті шаралар қабылдау үшін «Аюсай» визит-орталығының әкімшілігіне дереу хабарласуды сұрады.

«Бірнеше әйел бір еркекке тигісі келсе неге тоқтатамыз?!»: Мұхтар Мағауин көп әйел алуға байланысты ойын айтты Ақтөбеде мұғалім оқушысына сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған «Осыншалықты екіжүзді болар ма едің»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс әйелі желіде жазба жариялады "Енем маған айтпай, күйеуімді үйлендіріп жіберді": Меруерт Түсіпбаева тұрмыста болған жылдарын есіне алды «Бәрі міндетті түрде беруі керек»: Талдықорғанда оқушылар «Мұғалімдер күніне» жаппай ақша жинағаны үшін шу шықты «Ит пен мысық болып жүретіндер – әртістер»: Жеңіс Ысқақова әріптесі Ақбота Керімбековаға қолдау білдірді «Хәл үстінде жатқан адамның атын пайдаланды»: Тамара Асар беймезгіл уақытта мазалайтын оқырмандарына ескерту жасады «Бала-шаға мен ата-ененің жағдайын жасайды»: Мөлдір Әуелбекова ерлер қауымына үндеу жасады «Киімімді шешті»: Жетісу облысында әкім көпбалалы әйелдің үйіне терезеден кіріп, тиіспек болған (ВИДЕО) «Қайраттың да биоматериалы сақталған»: Ләйлә Сұлтанқызы ЭКҰ арқылы балалы болғысы келетінін жасырмады «Баласын құтқарамын деп әкесі мен көршісі түскен»: Алматы облысында кәріз құдығында көз жұмған үш адамның өліміне қатысты жаңа деректер айтылды «Жаназасын үйімнен шығарғым келді»: Индира Елемес марқұм Арман Дүйсеновті есіне алды «Жалғыз ұрпағын көп көрмейміз, естімейміз»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм Батырхан Шүкеновтің анасының арманын айтты «Бас сүйегі миына қарай кіріп кеткен»: Шымкентте қаза тапқан такси жүргізушісінің туыстары әділ тергеуді талап етті «Досхан Жолжақсыновтың үйінде болдым»: Ақбота Керімбекова өзіне қалталы кісілердің қырындағанын айтты Астанада бойжеткен қоғамдық орында іш киімін шешіп, лақтырып жіберген (ВИДЕО) Ертіс орманында бес жылға дейін ағаш кесуге тыйым салынды «Енді ұрттамаймын»: Мақпал Жүнісова оқырмандарына сөз берді «Мемлекеттік тілімізді қорламаңыздар»: Ринат Зайытов вице-министрге ескерту жасады Елімізде ауа температурасы -6 градусқа дейін төмендейді