Бір вакансияға екі адам, 4 күндік жұмыс, жексенбіден басқа күні демалу: Жұмыспен қамтудың 4 жаңа режимі бекітілді

17.05.2023, 10:36
632
Бір вакансияға екі адам, 4 күндік жұмыс, жексенбіден басқа күні демалу: Жұмыспен қамтудың 4 жаңа режимі бекітілді smartnews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлемде кеңінен таралған жұмыспен қамтудың икемді нысандарын заңнамалық реттеу мақсатында Әлеуметтік кодекс шеңберінде заңнамада еңбек қызметінің 4 жаңа режимін бекітті.

Бұл қазақстандықтар үшін еңбек нарығына қатысу мүмкіндігін кеңейтеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Еңбек нарығында технологиялардың қарқынды дамуы аясында жұмыспен қамтудың жаңа икемді нысандары пайда болды, олар коронавирус пандемиясынан кейін өзектіліктің шыңына жетті және көптеген азаматтардың еңбек қызметін өзгертті.

Жұмыспен қамтудың икемді нысандарының басты артықшылығы – жұмысшылардың еңбегін олардың жеке қажеттіліктерімен, әсіресе жұмыспен қамтудың дәстүрлі форматы ыңғайсыз болуы мүмкін және олардың еңбек нарығына қатысу мүмкіндіктерін шектейтін халықтың жекелеген топтары үшін үйлестіруге жағдай жасау.

Жұмыспен қамтудың икемді нысандарын заңнамалық реттеу мақсатында Әлеуметтік кодекс шеңберінде мынадай режимдер енгізілді:

- Бірге жұмысқа орналастыру – бір жұмыс функциясын бірлесіп орындау үшін жұмыс берушінің бірнеше (әдетте екі) жұмысшыны қабылдауы. Мысалы, дәлелді себептерге байланысты (денсаулық жағдайы, отбасылық міндеттері және басқалары) азамат күннің жартысында ғана жұмыс істей алады, бұл жағдайда жұмыс беруші екінші жартысында басқа адамды сол позицияға тарта алады.

Бұл режим жасына, денсаулық жағдайына, балалардың болуына байланысты толық жұмыс күні жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ жұмыскерлердің мүдделерін қорғауға, сондай-ақ оқушыларды оқудан бос уақытында жұмыстарды орындауға тартуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде жұмыс берушілер өндірістік процестің бұзылуын тудырмай, толық жұмыс кестесін сақтай алады.

- Жылжымалы жұмыс кестесі – аптаның әртүрлі күндерінде жұмыс ауысымының әртүрлі ұзақтығымен жұмыс.

Жекелеген ұйымдардың ерекшелігі (сауда орталықтары, қоғамдық тамақтандыру орындары және басқалар) еңбек заңнамасында көзделген шектеулерді ескере отырып, жұмыс көлемін толық көлемде біркелкі бөлуге мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты жылжымалы кестені енгізу арқылы жұмыс жүктемесінің көлемін ескере отырып, жұмысты ұйымдастыру (біркелкі бөлу) қамтамасыз етіледі.

- Төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасының кезектесуі.

Бұл жұмыс кестесі қызметкердің өтініші бойынша белгіленуі мүмкін, бірақ жұмыс берушінің келісімі қажет.

Бұл режимді енгізу өндірістік процесті ескере отырып, қызметкерге жұмыс міндеттерін жеке және отбасылық қажеттіліктермен үйлестіруге мүмкіндік береді. Мұндай режимдегі жұмыс қызметкер үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығына, еңбек өтілін және еңбек саласындағы басқа да құқықтарды есептеуге шектеулер туғызбайды.

- Платформалық жұмыспен қамту – бұл негізгі және қосымша жұмыспен қамтудың рөлін атқара алатын қарқынды дамып келе жатқан икемді жұмыс форматы.

Платформалық жұмыспен қамтудың басты артықшылығы – негізгі жұмыспен, жұмыс уақытының икемділігімен, жұмыс пен жеке өмірдің тепе-теңдігімен үйлесу мүмкіндігі.

Еңбек қатынастарының икемді нысандарын енгізу және дамыту қызметкерлер үшін қосымша табыс алуға, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, еңбек ұтқырлығын арттыруға, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбегін олардың жеке қажеттіліктерімен (отбасы, оқыту, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.) ұштастыруға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды