Депутат болған сәтінен бастап Дайрабаевтан тыныштық кетті

17.05.2023, 10:47
760
Депутат болған сәтінен бастап Дайрабаевтан тыныштық кетті arna-news.kz

Жигули Дайрабаевтың аты күн өткен сайын құлақты жарып барады.

Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланғалы бері ол жайлы неше алуан келеңсіз сөздер бір толастаған жоқ. Өзінің де жаны сірі екен, бәріне төтеп беріп келеді.

Алғашында президент сайлуына қатысып бір жылт етіп көрінген Жигули Дайрабаев біраз уақыт көрінбей кетті де депутат сайлауында қайта бой көрсетіп шыға келді. Сайлауға «Ауыл» партиясының атынан түсіп, мандатқа ие болды. Саясатқа сәтті-ақ келді, енді тек білек сыбана халыққа қызмет ету керек. Дегенмен депутат болған сәтінен бастап Дайрабаевтан тыныштық кетті. Басынан дау-шар ұзамай қойды.

Жигули Дайрабаев депутат болған бойда екі ұлы бірдей сотталды. Оларға өткен жылдың қазанында мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылған болатын. Енді депутат атанып, көңіл жайлана бергенде бұл бір сынақ болды. Қоғам оған мандатын тапсырып кете ме, әлде қайтеді деп қараған. Табандап, депутаттықтан өз бетінше кетпейтінін ашық аңғартты. Әрине, өз құқығы ғой. Бұл заманда кімнің ұлы сотталмай жатыр дейсіз. Әркім өз басына жауапты. Төрт адамнан тұратын топ ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік субсидиялардың бір бөлігін алаяқтық жолымен ұрлап, жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны, сөйтіп мемлекетке 550 миллион 849 мың теңге көлемінде залал келтіргені анықталған. Сол төртеудің екеуі Дайрабаевтың ұлдары екен. Оларға шартты түрдегі жаза қолданылды. Бірақ Жигули Дайрабаев өзінің ұлдарын кінәлі емес деп отыр.

Дайрабаевтың әңгімесі мұнымен біткен жоқ. Сотталғаны туралы сөзден кейін ұлдарының тағы бір өрескел заңсыз әрекетері жайлы сөз болды. Олар Жамбыл облысының 60 жастағы тұрғынын құлдықта ұстаған көрінеді. Бұл жайлы Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның баспасөз мәслихатында айтылды. Жигули Дайрабаев мұның шындыққа жанаспайтынын айтып түсінік бергендей болды. Бірақ Дайрабаевтың балаларында құлдықта болдым деп отырған адамның келтірген уәжі мен сөзі де бар.

Ал енді біреу болса «Дайрабаев үйімді тартып алды» деп әлеуметтік желіде жар салды. Мерке тұрғыны сот талқылауына депутат Жигули Дайрабаев заңсыз араласып, құны 140 миллион болатын үйін өз атына аударып алғанын мәлімдеген. Жигули Дайрабаев бұған байланысты да түсініктеме берді. Меркеден сатып алынған үй мен Кеңес ауылындағы жері жөніндегі дауларды біреулер әдейі шаңдатып жатыр дегенге келтіреді.  «Нотариус арқылы жасалған келісімшартымыз заңды, үй иелерінің құқықтары сақталған. Ақша талап етіп жүрген азаматты танымаймын да. Білуімше, ол үй сатқан әйелдің бұрынғы ажырасқан жұбайы. Ол азамат менің осы лауазымымды пайдаланып, бопсалау жолын таңдаған. Айта кетейін, мұндай әрекет бірінші рет емес», – дейді ол. Жигули Дайрабаев дау болып жүрген Кеңес ауылындағы жер мәселесіне де қатысты да пікір білдіріп, бұл мәселе бұрын басталғанын айтты. «Меркі ауданында 1 метр де жерім жоқ», – деді депутат.

Жигули Дайрабаев «Маған қарсы ақпараттық соғыс жүріп жатыр» дегенді айтады. Ұлдары субсидияны талан-тараж етті дегенді де, 60 жастағы дамды құлдықта ұстады дегенді де, үй мен жер дауын да мойындамайтын, мұның бәрімен келіспейтін сыңай танытты.  Өзіне қарсы ақпараттық соғыс ашылғанына нық сенімді. «Мен адвокаттар арқылы жақын арада өз құқықтарымды, ар-намысымды және қадір-қасиетімді қорғау үшін құқық қорғау және сот органдарына жүгінуге ниеттімін. Менің беделіме нұқсан келтіретін әрекеттерге кім тапсырыс бергенін білетін боламын», – деді депутат Дайрабаев.

Міне, дардай адамның шақшадай басы шардай болды деген осы болар. Дайрабаев деген кім дегенге келсек, ол саясатта бұрыннан жүрген адам екен. Жасынан комсомол, кәсіподақ, партия істеріне араласып ауыл, аудан деңгейінде кішігірім қызметтерде болған. Жамбыл облысында колхоз төрағасы, совхоз директоры лауазымын да атқарған. 1990 жылы жұлдызы жанып, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылым депутаттығына сайланды. 1997 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта аудандық бірер мекеме, кәсіпорындарды басқарған, Қазақстан фермерлер одағының Жамбыл облыстық филиалына төрағалық еткен. Қазіргі таңда «Қазақстан фермерлер қауымдастығының» басқарма төрағасы және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы.

Саясатқа келген адамның мұндай ахуалға түскені қиын-ақ нәрсе. Қырық жыл қырғыннан шыққандай болып билікке енді қолым жетті ме дегенде алдын кес-кестеп шыққан келеңсіз жайттар кімге абырой болсын. Елдің үмітін арқалап шыққан депутат үшін бұдан ыңғайсыз нәрсе жоқ. Жүйкесі шыдамаған адам мандатын кері өткізіп кетіп қалатындай жағдай емес пе? Бірақ кетіп қалудың да абырой емесі тағы бар. Сондықтан саясатта өнімді еңбек етіп, өзін көрсетуіне де болады. Дардай адамның басы дау-шарға қайта-қайта іліге бергені де жақсы емес. Әйтеуір соңы жақсы болғай.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды