Заң тіліндегі қазақша терминдердің міндетті сөздігі жасалуы мүмкін

17.05.2023, 13:32
687
Заң тіліндегі қазақша терминдердің міндетті сөздігі жасалуы мүмкін termincom.kz

Нормативтік-құқықтық актілер қолданысындағы қазақша терминдердің міндетті сөздіктері жасалуы мүмкін. Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітілген терминдерге мониторинг жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша терминдерді біріздендіру және өзекті емес терминдер мен ұғымдарды айналымнан алып тастау шаралары іске асып жатыр. Қазіргі таңда қазақ тіліндегі терминдерді жасақтау, оның ішінде шет тілдерінен енген терминдерді игеру бойынша бірқатар мәселелер бар. Мамандардың пікірінше, шет тілінен енген терминдерді жаппай аудару қазақ тілін тез, әрі тиімді оқытуға өз әсерін тигізеді», - деп жазады Үкімет басшысының орынбасары.

Осы себептен бүгінде шет тілінен енетін терминдерді қазақша баламасы болған жағдайда ғана аудару ұсынылып отыр.

«Сондай-ақ міндетті сипаттағы нормативтік терминологиялық сөздіктерді шығару мәселесі пысықталып жатыр. Бұл сөздіктер бірінші кезеңде (болжам бойынша 2026 – 2027 жылдар) министрлік жанындағы республикалық терминология комиссиясы бекіткен терминдер негізінде әзірленеді», - деп жазылған жауапта.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды