PhD дәрежесін алған жастар университетке бармай жатыр – министр

17.05.2023, 16:20
903
PhD дәрежесін алған жастар университетке бармай жатыр – министр smartnews.kz

Жастар PhD ғылым дәрежесін алып, университетке жұмыс істеуге бармайды. Бұл туралы Мәжілісте ғылымды дамыту тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Жас ғалымдарға қатысты ауқымды талдау жүргіздік. Біз не үшін гранттарды беріп жатырмыз? Жастар PhD-ді қорғай алмай кетеді немесе олар PhD дәрежесін қорғап, жоғары оқу орындарына, сондай-ақ ғылыми зерттеу инстуттарына бармайды. Кейбірі онда 1-2 жыл жұмыс істеп, кетіп қалады. Жастар ғылымға аз келеді. Осы мәселені зерттегенде, бірнеше шектеу бар екенін анықтадық», - деді С. Нұрбек.

Оның айтуынша, PhD дәрежесін қорғау үшін халықаралық беделді журналдарға ғылыми мақала жариялау керек. Екіншіден, жас ғалым PhD-ді қорғап, жоғары оқу орнына келгенде, ол оқыған 4 жыл есептелмейді. Ол аға оқытушы, профессор дәрежесіне конкурсқа тапсыра алмайды.

«Сондықтан олар қиналады, жалақы да аз болады. Күнделікті өмірдегі қарбалас басталады. Бұл мәселелерді ескере отырып, олар ғылымнан кетіп қалады. 2021 жылы қабылданған заңның аясында жас ғалымдарға арналған гранттарды іске қостық. Бұл – жас ғалымдарды аяғына тұрғызатын қадам. Мұнда 3 жылдық бағдарламада осы гранттың аясында 500 мың теңге көлемінде жалақы ескерілген. 2013 жылдан бастап PhD ғылыми дәрежесін қорғағандар осы бағдарламаға қатыса алады. Кейінгі екі жылда 3 конкурс жарияладық. Осы орайда 881 ғылыми жоба қамтылып, жас ғалымдар (гранттарды) ұтып алды. Оларға қолдау көрсетіліп жатыр. Жыл сайын осы жоба аясында мыңға жуық гранттарды беріп, жас ғалымдарды қолдау мақсаты қойылды», - деді министр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды