Жұмыссыз жастарға SMS арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері хабарланды

17.05.2023, 16:56
626
Жұмыссыз жастарға SMS арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері хабарланды smartnews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 23-35 жас аралығындағы 25 мыңнан астам жұмыссыз жасқа жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS хабарламалар жолдады. Бұл туралы smartnews.kz сайты ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, жастар бір мезгілде жұмыс іздеу, тегін оқу және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы хабардар етілген.

Айта кетсек, еліміздің әрбір азаматы Enbek.kz порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жұмысқа орналасу, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес ала алады.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Отбасының цифрлық картасы енгізілген болатын. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде мемлекеттік қолдау алуға құқылы азаматтарды анықтап, оларға проактивты форматта көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)