Елдің гүлденуі – өңдеу өнеркәсібінің индустриясында
Дамушы мемлекеттер үшін қазіргі заманда ең ұтымды қадамдардың бірі – индустрияландыру жолына көбірек түсу.
Әлемге шикізат беруші донор болудан гөрі сол шикізатты терең өңдеуге қол жеткізудің пайдасы шашетектен. Қайта өңдеп шығарылған сапалы дайын өнімнің экспортынан келетін қаржы түсімі шикізат бергенмен салыстырғанда едәуір елеселеп қайтады. Шаруашылық пен өндірістің кез-келген саласында өнеркәсіптік ілгерілеудің нәтижесінде мемлекет өркендейді, жалпы ішкі өнімніңкөрсеткіші жақсы өсседі. Ал ең бастысы – бизнес өркен жайып, заманауи кәсіпорындар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбейе түседі. Терең өңдеу жұмысында ірі кәсіпорынға қызмет көрсететін кіші кәсіпорындар көбейіп кетеді. Яғни жұмыс қайнайды, жұмыс орындары да мыңдап ашылады. Өнеркәсіптік ілгерілеуге бет алған елдер келе-келе гүлденіп, дүркіреп шыға келеді.
Қазақстан да өнеркәсіптік алға шығу жолына түсті. Өңдеу өнеркәсібін жандандырамын деген компанияларға жағдай жасау, қаржылай қолдау көрсету мен инфрақұрылым жасап беру басталып кеткен. «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заң елімізде 2021 жылы қабылданды. Одан бергі кезеңде өңдеу өнеркәсібі жақсы қалыптасып жатыр деуге толық негіз бар.
Жалпы, біздің еліміз жаңа экономикалық қадамға бет бұрды. Алдағы онжылдықтардың бедерінде ғылымға негізделген индустриялық мемлекет болуымыз керек. Экономика жаңа технологияларға негізделетін болады. Сол үшін жаңа өнеркәсіптік саясат қолға алынып отыр. Мақсат – өңдеу өнеркәсібін дамыту мен индустриалды-инновациялық қадам жасау. Бәсекегеқабылетті өңдеу өнеркәсібі экспортқа бағытталады. Жасыл технологиялар көптеп қолданысқа енгізіледі және экономика бүгінгіден де тереңірек цифрландырылады. Ірі зауыттар мен фабрикалар салу көзделмейді. Автоматтандырылған және озық технологиямен жылдам жұмыс істейтін сапалы кәсіпорындар құрыла бастайды.
Біздің елімізде өңдеу өнеркәсібін өркендетуге керек нәрсенің бәрі бар. Инвестиция тартуды, технологияларды келтіруді, инновациялық мүмкіндіктерді орнықтыруды мемлекет ұйымдастырып жатыр. Өңдеу өнеркәсібінің ғылыми негізін өз халқымыздың әлеуеті есебінен құруға жол ашылуда. Яғни экономиканы гүлдендірудің отандық ғылыми тірегін қалыптастыруға беталыс жақсы. Өңдеу үшін шикізат та өзімізде жетіп артылады. Өңдеу өнеркәсібі негізінен металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібіне тиесілі. Тамақ өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіп салаларында терең өңдеудің нәтижесінде ұлттық жаңа брендтер пайда болса керек.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібінің арқасында экономикалық көрсеткіштер жоғарылаған. Мысалы, 2024 жылы өңдеу өнеркәсібінің үлесі жалпы ішкі өнімнің 13 пайызын құрағаны статистикада келтірілген. Бұл көрсеткішті жылма-жыл арттырып отыру қажет.
Материал авторы