118 «жайлы мектепті» қандай құрылыс компаниялары салатыны анықталды

17.05.2023, 18:27
728
118 «жайлы мектепті» қандай құрылыс компаниялары салатыны анықталды smartnews.kz

Samruk-Kazyna Construction компаниясы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша мектептер құрылысын жүргізуге жарияланған сатып алу конскурсының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

20 өңірдегі салынатын 118 мектептің құрылысын жүргізуге барлығы 206 әлеуетті компания үміткер болған. Компанияның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, осы 206 компаниядан ұзын саны 781 өтінім келіп түскен.

«Әуел баста құрылысы 2023 жылы басталатын 185 мектеп бойынша конкурс жарияланған болатын. Соның ішінде 118 мектепті кімдер салатыны бірден белгілі болса, 52 мектеп бойынша сатып алу конкурсы өтпей қалды. Өйткені әлеуетті мердігерлер біліктілік талаптарына сай келмейтін болып шықты. Одан басқа 15 лоттың күші жойылды», - деп жазылған ресми мәліметте.

Конкурстың қорытындысымен толық танысу үшін мына сілтемеге өтуге болады – http://skcn.qaz.network/

Ал өтпей қалған лоттар бойынша бұл жолғы конкурстардың қорытындысы шығарылғаннан кейін қайтадан конкурс ойнатылмақ.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл құрылысы басталатын 185 мектептің қаншасы қай өңірде жоспарланғанын мына сілтемеден көруге болады. https://skcn.kz/ru/news/news/1192

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді