Талдықорғанда қызды жабылып ұрған құрбылардың біріне сот үкімі шықты

18.05.2023, 09:06
472
Талдықорғанда қызды жабылып ұрған құрбылардың біріне сот үкімі шықты smartnews.kz

Талдықорғанда үш құрбы 15 жастағы қызды жабылып ұрып, желіні шулатқан болатын. Төбелескен оқушы қыздардың бірі сот шешімімен девианттық мектепке ауыстырылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Мейрамгүл Нұржанқызы Талдықорғандағы кешкі ауысымдағы мектептің 9-сыныбында оқиды. Ол 10 мамыр күні сот шешімімен Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасына қарасты Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебіне ауыстырылды. Бұл тәртібі қиын балаларға арналған девианттық мектеп. Ол білім ордасы арнайы қоршалған. Білім алушылар полицейлер мен тәрбиешілердің бақылауында болады», - деді Талдықорғандағы кешкі ауысымдағы мектеп директоры Ерік Саржігітов.

Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғанда үш құрбы жабылып жалғыз қызды ұрған болатын. Ол әрекеттері желіге тарап, халықтың ашуын туғызды. Артынша бұл жайт бойынша арнайы комиссия құрылып, бұзақылық жасаған қыздарға қатысты шешім шығарылды. Оның негізінде, 10 мамыр күні Мейрамгүл Нұржанқызы девианттық мектепке ауыстыру ұйғарылды.

Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады