Мұнай компаниялары Нигерия экологиясына 12 миллиард доллар зиян келтірді

18.05.2023, 11:31
574
Мұнай компаниялары Нигерия экологиясына 12 миллиард доллар зиян келтірді smartnews.kz

Нигерия мұнай компанияларынан көмірсутегін өндіру нәтижесінде елдегі қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеуді талап етеді. Келтірілген шығын 12 миллиард долларға бағаланып отыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

Нигерия елде жұмыс істейтін ірі мұнай компанияларынан ондаған жылдар бойы елді ластағаны үшін ақы төлеуді талап етеді. Халықаралық сарапшылар комиссиясының тергеу нәтижелері Нигер сағасының (елдің оңтүстігіндегі Нигер өзенінің сағасында халық көп шоғырланған аймақ) жарты ғасырлық көмірсутек өндіруден туындаған нағыз адами және экологиялық апаттың сахнасына айналғанын көрсетеді. Бұл аймақтағы ластану 1989 жылғы Аляска жағалауындағы «Эксон Вальдес» танкерінен мұнайдың төгілуінен 50 есе жоғары.

1950 жылдары мұнай табылған және Shell мен Eni ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан Африкадағы Байелса штатында жағдай өте ауыр.

«Мен бұл есеп жағдайды өзгертеді деп үміттенемін, өйткені әлемдегі көптеген адамдар мұндай деңгейдегі зұлымдықтардың Нигер сағасы мен Байелса штатында жасалып жатқанын білмейді. Бұл есепте Shell, Chevron, Agip, elf және басқалардың ондаған жылдар бойы жасырып келгені туралы ақпарат ашылады», - дейді Байелса штатындағы басшылар кеңесінің төрағасы Рей Бубарайе Даколо.

Тергеу мәліметтері бойынша, Байелса штатындағы қоршаған ортаға келтірілген зиянды жою Нигерия билігі мұнай компаниялары төлеуі керек деп санайтын кем дегенде 12 миллиард долларды құрайды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды