Kaznedra платформасы маусымда өндірістік пайдалануға беріледі

18.05.2023, 12:09
668
Kaznedra платформасы маусымда өндірістік пайдалануға беріледі smartnews.kz

KAZNEDRA жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы осы жылдың маусымында өндірістік пайдалануға беріледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Мемлекет басшысының 2022 жылдың 14 шілдесіндегі Үкіметтің кеңейтілген отырысы қорытындысы бойынша берген тапсырмасын орындау аясында KAZNEDRA жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы әзірленіп жатыр», - деп атап өтеді Үкімет басшысының бірінші орынбасары жауабында.

Оның айтуынша, KAZNEDRA серверінде ақпараттарды жариялау үшін мемлекеттік және жергілікті органдардан алынған деректерді редакциялау, түрлендіру және құрылымдау жұмыстары жүргізілді. Ал, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ KAZNEDRA-ға қайталама геологиялық есептерді цифрландыру жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгінде платформаға 30 мыңнан астам есеп жүктелген.

«KAZNEDRA жобасын кезең-кезеңмен жүзеге асыру үшін жол картасы бекітілген. Оған сәйкес, платформаның интерактивті картасы, қатты пайдалы қазбаларға арналған лицензияға өтінімдердің бизнес-процесі сынды компоненттер тест режимінде жұмыс істеп тұр. Жүйені өндірістік пайдалануға енгізу осы жылдың маусымына жоспарланып отыр», - деді Роман Скляр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды