Қазақстан азаматтары қай елдерге және қанша күнге визасыз бара алады

18.05.2023, 14:22
622
Қазақстан азаматтары қай елдерге және қанша күнге визасыз бара алады smartnews.kz

Қазақстан азаматтары ұлттық төлқұжатпен әлемнің 195 елінің 31-іне визасыз сапарлай алады. Сонымен қатар, 6 ел қазақстандықтарға визаны ұшып барған кезде әуежайда береді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атап айтқанда, әуежайға жеткеннен кейін виза беретін елдердің қатарында Мысыр, Замбия, Маврикий, Намибия, Сейшел аралдары бар. Бірақ, Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында визаның қанша күнге берілетіні нақтыланбаған. Бұл елдердің қатарына Тайландты қосуға болады. Тайланд Қазақстан азаматтарына визаны ұшып барғаннан кейін 30 күнге береді.

Қазақстандықтар Өзбекстанға барғанда сол мемлекеттің аумағында 5 күннен астам болған жағдайда, ал Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстанда 30 күннен астам болған жағдайда құзыретті органдарда тіркелуге міндетті.

Гонконг, Иран, Оманға 14 күнге дейін,

Барбадосқа 28 күнге дейін,

Аргентина, Бразилия, Малайзия, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Сербия, Филиппин, Эквадорға 30 күнге дейін,

Албания, Андорра, Колумбия, Коста-Рика, Молдова, Моңғолия, Ресей, Украинаға 90 күнге дейін,

Армения, Сент-Винсент және Гренадиныға 180 күнге дейін

Грузияға бір жыл аралығына дейін визасыз сапарлауға болады.

Қазақстан азаматтары Түркияда 180 күннің ішінде 90 күнге дейін визасыз жүре алады. Кореяға да 30 күнге дейін визасыз сапарлауға мүмкіндік бар. Бірақ, 2022 жылдың 1 сәуірінен бері азаматтың Кореяға кіруін авторизациялайтын «K-ETA» электрондық жүйесі жұмыс істейді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды