Елімізде 62 мыңнан астам жетім бала баспана кезегінде тұр

18.05.2023, 15:18
460
Елімізде 62 мыңнан астам жетім бала баспана кезегінде тұр smartnews.kz

Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Соңғы 10 жылда 8 458 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала баспана алды. 2022 жылы 673 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала баспаналы болды. 2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша баспана алу кезегінде 62 501 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұр», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Оның дерегінше, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар аталған санаттағы балаларды қолдау жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асырып жатыр. Онда бюджеттен тыс және демеушілік қаражат есебінен балаларды пәтермен қамтамасыз ету іс-шаралары көзделген.

«Мұнан бөлек, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне «Отбасы банк» АҚ-да депозиттік есепшот ашылған. Ол балалардың асыраушысынан айрылуына, мүгедектігіне байланысты жәрдемақылар, алимент есебінен, сонымен қатар әлеуеттік серіктестердің, бизнес құрылымдардың қаражат аударуы арқылы толықтырылып отырады», - дейді Әлихан Смайылов.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды