Өскеменде әжетханада студент қыздың соққыға жығылуына байланысты қылмыстық іс аяқталды

18.05.2023, 16:38
610
Өскеменде әжетханада студент қыздың соққыға жығылуына байланысты қылмыстық іс аяқталды smartnews.kz

Өскемен қаласында әжетханада студент қыздың соққыға жығылуына байланысты қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Наурыз айының соңында «АДК» сауда үйінің әжетханасында колледжде оқитын бойжеткен соққыға жығылған болатын. Бұл видео әлеуметтік желіде тарап, көптің қызу талқысына түскен еді.

Сол кезде облыстық Полиция департаменті осыған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаған. Қызды соққыға жыққан мектеп оқушысының Өскемен қалалық білім бөлімінде қызмет еткен анасы бұл оқиғадан кейін өз еркімен жұмыстан шығып кеткен болатын.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта күдікті адамдарға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің бірнеше бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс өндіріспен аяқталды.

«Процеске қатысушылар тергеу нәтижелерімен таныстырылды. Қылмыстық істің заңдылығын зерделеу және әрі қарай сотқа жолдау мәселесін шешу үшін Өскемен қаласының прокуратурасына жолданды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге ақпараты жария етілмейді», - делінген хабарламада.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды