Доллар арзандады: 2 қыркүйектегі валюта бағамы қандай
Қазақстандағы айырбастау пункттеріндегі жаңа бағамдар жарияланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің 2 қыркүйекке арналған бағамы белгілі болды.
Астанадағы айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы орта есеппен 454,99 теңгені, ал сатып алу бағасы 461,99 теңгені құрады.
Еуро 525,97 теңгеден сатылып, 535,97 теңгеден сатып алынады. Ал ресейлік рубльдің бағамы 5,10–5,30 теңгеаралығында қалыптасты.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 458,61 теңгеден сатылып, 460,99 теңгеден сатып алынады. Еуроның сату бағамы 530,61 теңге, сатып алу бағасы 535,90 теңге болды.
Рубль Алматыда 5,18–5,32 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Шымкентте доллардың сату бағамы 458,50 теңге, ал сатып алу бағасы 460,60 теңге деңгейінде. Еуро 531,84 теңгеден сатылып, 536,68 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублінің Шымкенттегі бағамы 5,18 теңгеден 5,26 теңгеге дейін өзгеріп отыр.
2 қыркүйектегі ресми валюта бағамына сәйкес, 1 доллар – 458,45 теңге, 1 еуро – 531,39 теңге, 1 рубль – 5,29 теңге.
Материал авторы