224

Семейде TikTok-та балағат сөз айтқан әйел жындыханаға жатқызылды

53 жастағы тұрғын тікелей эфир кезінде былапыт сөздер айтқан.

Семейде TikTok-та балағат сөз айтқан әйел жындыханаға жатқызылды

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семей қаласында полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан жергілікті тұрғынды анықтады. 53 жастағы әйел бұған дейін де осындай құқықбұзушылығы үшін әкімшілік қамауға алынған. 

Құқық қорғау органдары тікелей эфирдің авторын көп ұзамай анықтаған. Ол 53 жастағы Мадина Баяхметова болып шықты. Сонымен қатар әйелдің бірге тұратын азаматы да оған қатысты шағым түсірген.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, биыл тамыз айында сот әйелді осыған ұқсас құқықбұзушылығы үшін әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған.

Бұл жолы полиция қызметкерлері оның үйіне жедел жәрдем бригадасымен бірге барған. Нәтижесінде әйел мәжбүрлі түрде психикалық денсаулық орталығына жатқызылып, онда үш ай бойы ем қабылдайды.

Абай облысының полиция департаменті әлеуметтік желілердегі қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. 

Материал авторы