324

«Ерке Есмахан болу да – өнер»: Ерке Есмахан күзгі стилімен көпшіліктің назарын аударды

Ерке Есмаханның жаңа жазбасы аз уақыт ішінде ондаған мың лайк пен пікір жинады.

«Ерке Есмахан болу да – өнер»: Ерке Есмахан күзгі стилімен көпшіліктің назарын аударды
instagram.com/erke_esmahan

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа фотосуреттерін жариялап, оқырмандарымен бөлісті. 

Өнер иесі қала көшелерінің бірінде серуендеп жүрген сәтінен түсірілген суреттерін Instagram-дағы парақшасына жүктеген. Жарияланымына әзіл аралас жазба қалдырған әнші өзіндік стилін де атап өтті.

«Ерке Есмахан болу да – өнер. Осындай образдарда, осындай фотоларда мен түспесем, онда кім түседі?» – деп жазды ол.

Жаңа суреттерінде әнші карамель түсті тренч, өкшелі қара аяқ киім киіп, күзгі образын күннен қорғайтын көзілдірік, леопард өрнекті қолғап, сағат және Chanel сөмкесімен толықтырған.

Жарияланым аз уақыт ішінде ондаған мың лайк пен пікір жинаған. Ерке Есмахан қазақстандық шоу-бизнестегі сән үрдістеріне ықпал етіп жүрген өнер иелерінің бірі саналады.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор