Доллар, еуро, рубль: 19 қарашадағы валюта бағамы белгілі болды
Айырбастау пункттерінде доллар, еуро мен рубльдің сатып алу және сату бағасы әртүрлі қалыптасты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 19 қарашада Қазақстанның үш ірі қаласындағы айырбастау пункттерінде шетел валюталарының бағамы әртүрлі қалыптасты. Астана, Алматы және Шымкент тұрғындары доллар, еуро мен рубльді қандай бағамен сатып алып, сата алады?
Астанада айырбастау пункттері долларды орта есеппен 441 теңгеден сатып алып, 448 теңгеден сатуда. Еуроны 485,05 теңгеден өткізуге болады, ал сатып алу бағасы – 496,33 теңге.
Ресей рублінің бағамы бойынша айырбастау пункттері оны 5,17 теңгеден сатып алып, 5,37 теңгеден сатуда.
Алматыда бір долларды орта есеппен 444,49 теңгеден сатуға, ал 446,30 теңгеден сатып алуға болады. Еуроны өткізу бағасы – 487,53 теңге, сатып алу құны – 491,86 теңге.
Қаладағы айырбастау пункттерінде рубльді 5,16 теңгеден өткізуге болады. Ал сатып алу үшін 5,26 теңге төлеу қажет.
Шымкентте долларды 444,10 теңгеден өткізіп, 446,95 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның сату бағасы орта есеппен 487,93 теңге болса, сатып алу құны – 492,69 теңге.
Ресей рублін айырбастау пункттері 5,17 теңгеден қабылдап, 5,24 теңгеден сатуда.
19 қарашадағы ресми бағам:
-
1 АҚШ доллары – 444,16 теңге;
-
1 еуро – 487,29 теңге;
-
1 Ресей рублі – 5,40 теңге.
Материал авторы