Қарағандыдағы сауда үйінің ана мен бала бөлмесінен ер адамның мәйіті табылды
Сауда үйінің техникалық қызметкерлері бөлмеге кіре алмаған соң, күзеттен көмек сұраған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінен 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл туралы ekaraganda.kz сайты хабарлады.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 16 қарашада болған. Сауда үйінің қызметкерлері ер адамды ғимараттың екінші қабатындағы ана мен бала бөлмесінен шамамен сағат 18:00-де тапқан.
Алдымен техникалық қызметкерлер бөлмеге кіре алмаған. Осыдан кейін олар күзет қызметкерлерінен көмек сұраған. Оқиға орнына келген күзетшілер ер адамның өмір белгілері жоқ екенін анықтаған.
Сауда үйінің қызметкерлері ер адамды бұған дейін де бірнеше күн бойы ғимараттан көргендерін айтқан. Олардың сөзінше, күзет қызметі одан сауда үйінен кетуін бірнеше рет сұраған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Ер адамның өліміне қатысты түпкілікті қорытынды тергеу нәтижесінде белгілі болады.
Материал авторы