Қар, көктайғақ, тұман: синоптиктер 16 өңірге ескерту жасады
Елдің солтүстігінде қар мен жаяу бұрқасын күтілсе, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның 16 облысында 19 қарашаға дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігінде қар жауып, боран соғады. Бірқатар өңірде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Ал оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде өңірдің батысы мен солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ болуы ықтимал. Күндіз осы аумақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігін тұман басады.
Өңірдің батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Кей уақытта батысы мен оңтүстігінде жел 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Петропавлда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанып отыр. Оңтүстік және оңтүстік-батыс бағыттағы желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ қаупі бар. Өңірдің батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік пен шығыста оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Қостанай қаласында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метр болады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Павлодар қаласында да тұман болады.
Қарағанды облысының батысы, шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Қарағанды қаласын да тұман басады.
Ұлытау облысының батысы, солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстік-шығысында шығыс және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.
Абай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Орталығында таңертең және күндіз шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттағы желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Шығысы мен таулы аймақтарында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Алматы қаласында түнде және таңертең тұман болады. Іле Алатауының таулы аймақтарында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде де тұман күтіледі. Кей уақытта оңтүстік-шығыс бағыттағы желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Таулы аймақтарда түнде, ал облыстың солтүстігі мен таулы бөлігінде күндіз оңтүстік-шығыс бағыттағы желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысының батысы, оңтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі.
Облыстың батысы, солтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында оңтүстік-шығыстан соғатын жел кейін оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с болады.
Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Оның екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түркістан қаласында да желдің екпіні осындай деңгейде болады.
Қызылорда облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында көктайғақ болып, тұман түседі. Оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары. Қызылорда қаласында да кей уақытта көктайғақ болып, тұман басады.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыс жолдарында көктайғақ болады.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Материал авторы