377

Төреғали Төреәлі жарына арнап жаңа ән шығарды

Әнші жаңа композициясын таныстырып, ерлі-зайыптылар арасындағы махаббаттың өмір бойы сақталуы керегін айтты.

Төреғали Төреәлі жарына арнап жаңа ән шығарды
instagram.com/toregalitoreali

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Төреғали Төреәлі жарына арнап махаббат пен сағыныш тақырыбындағы жаңа әнін көпшілікке ұсынды. Ән мәтінінде сүйіктісіне деген ерекше сезім мен сағыныш суреттеледі.  

Жаңа туындының сөзін ақын Қалқаман Сарин жазса, әнін Алмас Мұхтарұлы шығарған.

Әнші композицияда сүйіктісіне деген сағынышын әсерлі жолдармен жеткізеді.

«Мені ешкім сағынбасын.
Сен сағын!
Сағын... көзден үзіп мұңның моншағын.
Дәл осылай сағынуға бола ма?
– деп, таңғалсын
Аспан.
Ай.
Күн.
Жер шары!..» – деп орындайды Төреғали Төреәлі.

Жаңа әнін таныстырған өнер иесі ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты өз ойын да бөлісті.

«Ерлі-зайыптылар бір-бірін өмір бойы жақсы көруі керек. Қалғаны өздігінен шешіледі», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің жарына арнаған «Толқыным» әні де оның танымал туындыларының біріне айналған. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор