Ақтөбеде кәсіпкерді атып өлтірді деген күдікті ұсталды
Кәсіпкер таңғы уақытта өз үйінде оққа ұшқан, ал қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде кәсіпкерді атып өлтіруге қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтап, қолға түсірген. Ол – Қазақстан азаматы, Ақтөбе қаласының тұрғыны.
Қылмысты ашу жұмыстарына көмектесу үшін Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратынан тәжірибелі жедел қызметкерлер қалаға жіберілген.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысын Ішкі істер министрлігі бақылауына алған.
Материал авторы