«Бір-бірін жек көреді»: Трамп Путин мен Зеленскийдің араздығына қатысты мәлімдеме жасады
Трамп Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерге қатысты пікір білдірді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина басшыларының өзара тіл табысып, ортақ шешімге келуі қажет екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің бір-біріне деген жеке өшпенділігі қақтығысты реттеу процесін қиындатып отыр.
Ақ үй басшысы бұл туралы Fox News телеарнасының тікелей эфирінде сөйлеген кезде айтты.
«Тыңдаңыздар, олар ортақ тіл табуы керек. Бұл екеуі бір-бірін жек көреді, сондықтан қарым-қатынастарын реттеуі қажет», – деді Дональд Трамп.
Айта кетейік, АҚШ президенті бұған дейін де Ресей мен Украина басшыларының арасында жеке өшпенділік бар екенін бірнеше рет айтқан. Оның пікірінше, бұл жағдай қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздерге кедергі келтіреді.
«Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путин бір-бірін жек көреді. Бұл қақтығысты реттеуді қиындатып отыр. Дегенмен, біз келісімге қол жеткізуге өте жақын қалдық деп есептеймін», – деген еді Трамп бұған дейін.
Материал авторы