Қазақстандағы орташа жалақы 486 мың теңгеге жетті
Маңғыстау облысы, Астана мен Атырау облысында орташа жалақы елдегі көрсеткіштен жоғары болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандағы орташа айлық атаулы жалақы 486 388 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жазды.
Алайда елдегі орташа көрсеткіш өңірлердегі нақты табыс деңгейінің айырмашылығын толық көрсете бермейді. Кей облыстарда жалақы 600 мың теңгеден асса, бірқатар өңірде 400 мың теңгеге де жетпейді.
Ең жоғары орташа жалақы Маңғыстау облысында тіркелген. Мұнда көрсеткіш 673 656 теңгені құрады.
Екінші орында – Астана. Елордада орташа айлық атаулы жалақы 647 920 теңгеге жеткен.
Ал Атырау облысында бұл көрсеткіш 631 555 теңге болды.
Жалақысы ең төмен өңірлер қатарында Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Мұнда орташа көрсеткіш 363 123 теңгені құрады.
Түркістан облысында орташа жалақы 370 964 теңге болса, Жамбыл облысында – 375 456 теңге.
Жетісу облысында орташа айлық атаулы жалақы 377 798 теңгені құрады.
Осылайша, Қазақстандағы ең жоғары және ең төмен орташа жалақы көрсеткіштерінің айырмасы 310 мың теңгеден асады.
Материал авторы