821

Шығыс Қазақстанда шатыр маңына келген аю камераға түсіп қалды

Катонқарағай ұлттық паркінде түсірілген кадр табиғаттағы қауіпсіздік ережесін тағы еске салды.

Шығыс Қазақстанда шатыр маңына келген аю камераға түсіп қалды
instagram.com/altairesearchcom

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде палаткаға жақын келген аю фотоға түсіп қалды.

Ерекше кадрды ұлттық парк мамандары әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Олардың мәліметінше, суретті Владимир Воробьев түсірген. Аю палаткаға өте жақын маңда жүрген.

Ұлттық парк өкілдері жабайы жануардың бұл аумақта мекендейтінін атап өтті. Сондықтан табиғат аясында демалушылар жануардың тіршілік ортасына басып кіргенін түсінуі керек.

Мамандардың айтуынша, жабайы табиғатта адамның қауіпсіздігі де, жануардың тыныштығы да маңызды. Сол себепті аңды әдейі жақындатуға, оның жолын бөгеуге немесе мінез-құлқын өзгертуге тырысуға болмайды.

Ұлттық парк мамандары табиғатқа шығатын тұрғындар мен туристерге маңызды ескерту жасады: бұл жерде адам емес, жабайы жануар өз үйінде жүр. Сондықтан табиғаттағы жануарларға құрметпен қарап, қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет. 

Материал авторы