Мектеп оқушысы сабақ үстінде сыныптасына пышақ салды
Тергеушілер оқушылар арасындағы жанжалдың неден басталғанын анықтап жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Башқұртстандағы мектептердің бірінде тоғызыншы сынып оқушысы сабақ кезінде сыныптасына пышақ салды. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді.
Оқиға Кушнаренково ауылындағы гимназияда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, сабақ үстінде екі оқушының арасында жанжал туындаған. Келіспеушілік барысында олардың бірі сыныптасына пышақ қолданған.
Зардап шеккен оқушы дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап, қажетті медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта жасөспірімнің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Бастапқы деректерге қарағанда, жанжалға оқушылар арасындағы жеке келіспеушіліктер себеп болған.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті.
Бұл жаңа оқу жылы басталғалы Ресейдегі білім беру мекемелерінде болған осындай сипаттағы екінші оқиға. Бұған дейін, 1 қыркүйекте Краснояр өлкесінде жетінші сынып оқушысы мектеп мұғаліміне пышақпен шабуыл жасағаны хабарланған.
Материал авторы