Таразда жыл басынан бері 75 оқушы үйінен қашып кеткен
Таразда соңғы 5 жыл ішінде қылмыс саны екі есеге дейін азайған. Ал, жыл басынан бері 31 пайызға төмендеген, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Дегенмен, жауапты мамандардың мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы жағдай әлі де алаңдатарлық. Себебі, Таразда 4 ай ішінде 12-14 жас аралығындағы 75 мектеп оқушысы үйінен қашып кеткен, 16 жасқа толмағандар арасында жыныстық қатынасқа түсу фактісі 150 пайызға көбейген,
Тараз қаласының прокуроры Нұржан Боранбаевтың айтуынша, үйлерінен қашқан жеткіншектердің 44-і қыз бала болса, 31-і ұл. Жалпы, Тараз қалалық полиция басқармасының профилактикалық есебінде 161 кәмелетке толмаған жасөспірім тұр.
Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен «Тараз – қауіпсіз қала» жобасының іске асырылу нәтижесі қаралған жиында, сонымен қатар, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова аталмыш мәселе төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.