Сарыағаштағы мектепте мұғалімдер мен ата-аналар арасында жанжал шықты
Мектептегі жанжал видеоға түсіп, кейін аудандық білім бөліміне жолданған, қазір оқиғаны полиция тексеріп жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде педагогтер мен ата-аналар арасында жанжал болды. Оқиға бейнежазбаға түсіп, кейін аудандық білім бөліміне жолданған.
«Жетінші арна» мәліметінше, ауыл мектебіне қоғамдық белсенділер келген. Олардың оқу орнына қандай мақсатпен келгенін анықтау кезінде тараптар арасында пікірталас туындаған.
Кейін сөзге келген ересектердің арасындағы дау төбелеске ұласуға шақ қалған. Оқиға видеоға түсіріліп, білім бөліміне жеткен.
Қазір болған жағдайға байланысты полиция тексеру жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдары жанжалдың нақты себептері мен оған қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға бермек.
Материал авторы