862

Түркістанда ер адам жанжалдан кейін әйелін пышақтап өлтірді

25 жыл бірге тұрған ерлі-зайыптының жанжалы қайғылы аяқталды.

Түркістанда ер адам жанжалдан кейін әйелін пышақтап өлтірді
t.me/kriminal_kazakhstan

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістанда 54 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды. Оны өлтірді деген күдікпен күйеуі қамауға алынды.

Қайғылы жағдай отбасылық жанжалдан кейін болған. Көршілердің айтуынша, ауыр жараланған әйелді алғаш болып оның кіші ұлы көрген. Анасының дауысын естіген жігіт бөлмеден шығып, оны жарақат алған күйде тапқан. Ол дереу жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер әйелдің өмірін сақтап қала алмады.

Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыпты шамамен 25 жыл бірге тұрған және төрт бала тәрбиелеген. Жанжалдың нақты себебі әзірге белгісіз.

Түркістан облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады. Ер адам қамауға алынған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, оқиғадан кейін ер адам өзіне қол жұмсамақ болған. Ол ауруханаға жеткізілген. Қазір күдікті қамауда отыр.

Материал авторы