Google Gemini-ге сенген туристер тауда адасып кеткен

Жасанды интеллектің кеңесіне сенген альпинистер тауда 9 сағат бойы құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болған.

Google Gemini-ге сенген туристер тауда адасып кеткен
Sadi-Santos / Shutterstock / FOTODOM

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Калифорниядағы Шаста тауына шыққан альпинистер жасанды интеллект кеңесіне сеніп, қиын жағдайға тап болды. Google Gemini ұсынған маршрут пен сапар уақыты шындыққа сәйкес келмей, туристер тауда адасып кеткен.

Саяхатшылар Сискию округіндегі Шаста тауына көтерілу үшін Google Gemini кеңесіне жүгінген. Чат-бот оларға шыңға шығуға шамамен сегіз сағат жеткілікті екенін айтып, жеңіл әрі құрамында қарапайым көмірсулары бар тағам алуды ұсынған. Осы кеңеске сүйенген туристер шағын сөмкелермен жолға шығып, жылы киім мен түнеуге қажетті жабдықтарын алмаған.

Алайда тауға көтерілу 16 сағатқа созылған. Туристер шыңға күн батқаннан кейін жетіп, кері қайтарда бағытынан жаңылған. Бұған қоса, олардың смартфонының қуаты таусылып қалған.

Туристер құтқарушылардан көмек сұраған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты оларды тікұшақпен эвакуациялау мүмкін болмағандықтан, іздеу-құтқару қызметі мен АҚШ Орман қызметінің мамандары альпинистерді жаяу іздеп, тоғыз сағат бойы алып шыққан.

Оқиғадан кейін туристер жасанды интеллектке шамадан тыс сеніп, жағдайды өз бетінше бағалаудағы сын тұрғысынан ойлауды елемегенін мойындады. Мамандар тауға шығатын адамдарға маршрутты жергілікті рейнджерлерден нақтылап, экстремалды сапарларды жоспарлауда чат-боттарға толық сенбеуге кеңес берді.

Материал авторы