672

«Рахмет, Астана!»: Энрике Иглесиас қазақ тілінде алғыс айтты (ВИДЕО)

Әлемдік әншінің Астанадағы концерті мыңдаған көрерменнің есінде қалды.

«Рахмет, Астана!»: Энрике Иглесиас қазақ тілінде алғыс айтты (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлемге танымал испаниялық әнші Энрике Иглесиас 3 қыркүйекте Астанада концерт берді. Астана Аренада өткен шоуға мыңдаған көрермен жиналды.

Кеш барысында әнші көрерменге өзінің танымал шығармаларын ұсынып, сахнадағы ерекше қойылымдарымен көпшіліктің көңілінен шықты. Шоу кезінде мыңдаған жарық білезік қолданылып, алаңның ортасына қосымша сахна орнатылды. Бұл әншінің көрерменге жақын өнер көрсетуіне мүмкіндік берді.

Концерттен кейін қазақстандықтар әлеуметтік желілерде кештен түсірілген фото мен видеоларын белсенді бөлісіп жатыр.

Кеш соңында Энрике Иглесиас Астана көрермендеріне қазақ тілінде алғыс айтып, «Рахмет!» деді.

Бұл әншінің Қазақстандағы алғашқы ауқымды концерті болды. Оның келесі концерті 5 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Материал авторы