587

Алматыда танысудан бас тартқан қызға ер адам су шашқан

Ер адам жасаған әрекеті үшін қамауға алынды.

Алматыда танысудан бас тартқан қызға ер адам су шашқан
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда қоғамдық орында қызбен таныспақ болған ер адам оның бас тартуына ашуланып, қызға су шашқан. Оқиғадан кейін әйел полицияға жүгінген. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті жазды.

Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтап, оны ұстаған. Жиналған материалдар сотқа жолданған.

Құқық қорғау органдары бұл жағдайды ұсақ бұзақылық фактісі ретінде тіркеген.

Сот істі қарап, ер адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор