416

Доллар, еуро, рубль: 7 қыркүйекте айырбастау орындарындағы бағамдар қандай?

7 қыркүйекте айырбастау орындарындағы валюта бағамы жарияланды.

Доллар, еуро, рубль: 7 қыркүйекте айырбастау орындарындағы бағамдар қандай?
REUTERS / Jo Yong-Hak

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 7 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің бағамы белгілі болды. Қалалар бойынша валюта құны бір-бірінен аздап ерекшеленеді. 

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанада айырбастау орындарында долларды 460 теңгеден сатып алып, 453 теңгеден сатуға болады. Еуроның сатып алу бағасы – 535,01, сату бағасы – 525 теңге. Рубль 5,27 теңгеден сатып алынып, 5 теңгеден сатылып жатыр.

Алматыда доллардың сатып алу бағасы 455,58 теңге, сату бағасы 457,90 теңге болды. Еуро 532,54 теңгеден сатып алынып, 528,13 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағасы 5,15-5,27 теңге аралығында қалыптасты.

Шымкентте айырбастау орындарында доллар 457,76 теңгеден сатып алынып, 455,74 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағасы 533,53 теңге, сату бағасы 528,65 теңге болды. Рубль 5,24 теңгеден сатып алынып, 5,17 теңгеден сатылып жатыр.

Ал бүгінгі ресми бағам бойынша 1 доллар – 456,56 теңге, 1 еуро – 530,52 теңге, 1 рубль 5,28 теңге болып белгіленді.

Материал авторы