Қарағанды колониясындағы сотталған азамат 9 жылдан кейін алғаш рет туыстарымен қауышты
Ұзақ жылдардан соң өткен кездесуде туыстар бір-бірімен сөйлесіп, бірге уақыт өткізді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысындағы қылмыстық-атқару жүйесінің №33 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азамат тоғыз жылдан кейін алғаш рет анасы мен әпкесімен жүздесті. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Туыстары мекемеге арнайы келіп, сотталған азаматпен жүздескен. Ұзақ жылдардан кейінгі кездесудің алғашқы сәттері эмоцияға толы болған. Анасы, әпкесі мен сотталған азамат сөйлесіп, бірге уақыт өткізген.
«Тоғыз жыл – өте ұзақ уақыт. Осы аралықта отбасының, жақын адамдардың және оларды жаныңнан көру мүмкіндігінің қаншалықты маңызды екенін ерекше түсіне бастайды», – деді ол.
Мекеменің сотталғандармен тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Ануар Зейнуллиннің айтуынша, туыстарымен қарым-қатынас жасау сотталғандардың әлеуметтік байланысын сақтауға ықпал етеді. Сондай-ақ бұл олардың оң өзгерістерге ұмтылуына және бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге дайындалуына көмектеседі.
№33 мекеме өкілдері сотталғандардың отбасымен байланысын сақтау және нығайту бағытындағы жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.
Материал авторы