395

Аптап ыстық пен жаңбыр қатар келеді: синоптиктер 7 қыркүйекке болжам жасады

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, алайда батыс өңірлерде найзағайлы жаңбыр жаууы мүмкін.

Аптап ыстық пен жаңбыр қатар келеді: синоптиктер 7 қыркүйекке болжам жасады
pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда 7 қыркүйекте күн ыстық болады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды, алайда батыс аймақтардың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде және таңертең жекелеген өңірлерде тұман күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» жазды.

Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде ауа температурасы +12...+14, күндіз +28...+30 градус болады.

Алматыда да жауын-шашын күтілмейді. Түнде +12...+14, күндіз +26...+28 градусқа дейін жылы болады.

Шымкентте күн ыстық болады: түнде +18...+20, күндіз +33...+35 градусқа дейін көтеріледі.

Ақтөбеде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып, ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +30...+32 градус шамасында болады.

Ақтауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде +17...+19, күндіз +25...+27 градус күтіледі. Атырауда да күндіз жаңбыр мен найзағай болжанып, ауа +26...+28 градусқа дейін жылынады.

Жезқазғанда +30...+32, Қарағандыда +25...+27, Көкшетауда +27...+29, Қонаевта +25...+27 градус болады. Қостанайда күндіз ауа температурасы +30...+32 градусқа дейін көтеріледі.

Қызылордада күн ыстық болып, ауа температурасы +33...+35 градусқа жетеді. Павлодар мен Петропавлда күндіз +28...+30, Семейде +25...+27, Талдықорғанда +28...+30 градус болады.

Таразда күндіз +32...+34, Түркістанда +33...+35 градусқа дейін ыстық болады.

Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Мұнда ауа температурасы +20...+22 градус шамасында болады.

Өскеменде жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түсіп, ауа температурасы түнде +8...+10, күндіз +23...+25 градус болады.

 

Материал авторы