79

«Тәңіршілмін, бірақ діншіл емеспін»: Баян Алагөзова діни сенімі туралы айтты

Алагөзова аспан мен ғаламның шексіздігі адам ақылына сыймайтынын айтып, мұның бәрінің артында Жаратушы тұрғанына сенетінін мәлімдеді.

«Тәңіршілмін, бірақ діншіл емеспін»: Баян Алагөзова діни сенімі туралы айтты
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында дінге көзқарасы мен Тәңір философиясына жақын дүниетанымы туралы айтты. Ол Тәңір ұғымын белгілі бір діни жүйе емес, адамды табиғатпен және ғаламмен үйлесімде өмір сүруге үндейтін философия ретінде қабылдайтынын жеткізді. 

Алагөзованың айтуынша, ол өзін діндар адам санамайды. Дегенмен әлемнің жаратылуына себеп болған жоғары күштің барына сенеді.

«Тәңір – дін емес. Бұл адамдармен, табиғатпен, ғаламмен үйлесімде өмір сүру философиясы. Мен – ғаламның бір бөлшегімін, ғалам да менің бір бөлшегім. Құдай менің ішімде, мен Құдайдың бір бөлшегімін. Мен құл емеспін, мен еркін адаммын. Сондықтан бұл дүниетаным маған әлдеқайда жақын», – деді Баян Алагөзова.

Продюсер бұған дейін де өзін діншіл адам санамайтынын бірнеше рет айтқанын атап өтті. Алайда бұл оның Жаратушыға сенбейтінін білдірмейтінін жеткізді.

«Мен діншіл емеспін, мұны талай рет айттым. Бірақ сенетін адаммын. Бізді жаратқан бір күш бар екеніне толық сенемін. Өйткені осының бәрін біреу жаратты ғой», – деді ол.

Алагөзова ғаламның құрылымы мен табиғаттағы тіршіліктің кездейсоқ пайда болғанына сенбейтінін де айтты. Оның пікірінше, адам ақылына сыймайтын шексіз әлемнің артында оны жаратқан күш бар.

«Кейде аспанға қарап, мұның бәрі адам ақылына сыймайды деп ойлаймын. Ғаламның соңы қайда? Оның ар жағында не бар? Мұның бәрінің Жаратушысы бар», – деді продюсер.

Осылайша Баян Алагөзова өзін нақты бір діннің өкілі ретінде емес, адамды табиғатпен, ғаламмен және қоршаған ортамен тұтас қабылдайтын дүниетанымға жақын адам ретінде сипаттады. Оның айтуынша, Тәңір философиясының осы қыры өз көзқарасына анағұрлым жақын.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор